Жоба туралы

G4 – Алматы–Өскемен республикалық тас жолы бойында, Алматы–Қапшағай телімінде орналасатын, құрылымдық жағынан біріктірілген төрт бірегей заманауи ақылды қалала.
Жобаның негізгі міндеті – бизнестің қарқынды дамуына және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған, Алматы мегаполисінің жаңа ақылды қалаларын салу.
Жоба іске қосылған сәттен бастап сегіз жылдың ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) арқылы үлкен жұмыс атқарылды. Идеяның туындауынан бастап, алғашқы құрылыс салушының барлық коммуникациялармен қамтамасыз етілген алаңға шығуына дейінгі жол жүріліп өтті.
Жобаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар бір уақытта, МЖӘ аясында салынған әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысандар да беріледі.
GATE CITY – Алматы мегаполисіне кіретін «ЕСІК»


Іскерлік және қаржы орталығы.
Жолаушыларға арналған көлік торабы – теміржол бекеттері мен автобекеттер, метрополитенмен тоғыстырылған Қазақстандағы алғашқы монорельстік жол желісі.
Қала аумағы арқылы республикалық маңызы бар автомагистральдар – Алматы–Өскемен тас жолы және Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы (ҮАААЖ) өтеді, олар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль дәлізінің («Жібек Жолы») бір бөлігі болады.
Алматы қаласының азық-түлік кластері.
Тұрғын үй құрылысы аудандары.
Көлік инфрақұрылымы «GATE CITY» қаласын қолжетімді іскерлік орталыққа айналдырады.
GOLDEN CITY – білім беру, спорт және денсаулық қаласы


Білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет – осындай мақсаттағы нысандар – GOLDEN CITY құрылымының негізі.
GOLDEN CITY университеттері мен колледждері әлемнің үздік оқыту әдістемелері негізінде жоғары деңгейлі мамандарды даярлайды.
Білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары және тәжірибелік өндірістер Қазақстандағы теориялық және қолданбалы ғылымның дамуының озық базасы болады.
Барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін емдеу және сауықтыру мекемелері науқастар мен демалушыларды қабылдауға және ұсынылатын медициналық қызметтердің аса жоғары сапасын қамтамасыз етуге дайын.
Олимпиадалық сыныптағы спорт нысандары дене шынықтырумен және спортпен айналысуға арналған база болады және беделді халықаралық жарыстар өткізілетін орынға айналады.
Заманауи ипподром саябағы – қазақ халқының дәстүрлерін, қызықты және тартысты жарыстарды қайта жандандыратын орын болады.
GOLDEN CITY аграрлық-индустриалдық саябағы Алматы қаласының азық-түлік белдеуін де қамтиды.
Көлік инфрақұрылымы GOLDEN CITY қаласын оңай қол жеткізуге болатын білім, спорт және мәдениет орталығына айналдырады.
GROWING CITY – халықаралық көлік-логистика орталығы


Қаланың экономикалық іргесінің негізі – әрі қарай Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің («Жібек Жолы») бір бөлігі болып табылатын Ляньюньгань–Үрімші желісімен жалғасатын Қорғас–Жетіген желісіндегі теміржол торабы базасындағы халықаралық логистика және сауда болып табылады.
Қала құрылымына логистикалық терминалдар, қойма алаңдары, көтерме-бөлшек сауда аймақтары енгізілген.
Жаңа халықаралық әуежай «Теміржол торабы – Автомобиль торабы – Әуежай – Еркін экономикалық аймақ» бірыңғай сауда-тасымал кешенінің инфрақұрылымын қалыптастырудың жалғасы болады.
GREEN CITY – демалыс пен ойын-сауық қаласы


Қапшағайдың жағалауында орналасқан GREEN CITY аса ірі шипажай аймағына айналады.
Жағажайлық демалыс, ойын-сауық саябағы, океанариум, казино және гольф алаңдары халықаралық әуежай мен дамыған жол-көлік құрылымының жақын болуының арқасында көптеген адамдар үшін қолжетімді болады.
Экологиялық жағдайды сақтауға және оны жақсартуға ерекше назар аударылған.
Жоғарғы сыныптағы шағын қабатты үй құрылысы, аумағы кең саябақ аймақтары демалыс атмосферасын қалыптастырады.
GREEN CITY – заманауи ойын-сауық технологиялары алқабы.
Жобаның деректері
Атауы | Gate City | Golden City | Growing City | Green City | Барлығы | |
---|---|---|---|---|---|---|
Халықтың саны, адам | ||||||
|
||||||
|